wrapper

Последние

Қостанайлық шаруалар «жасыл» экономика қағидасы бойынша суды үнемдеу тәсілдерін жетік меңгере бастады.

Өңірдегі 60-тан астам алқапта тамшылатып суару және өзге де үнемдеу тәсілдері өндіріске кеңінен енгізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша, суды пайдаланушылардың арқасында егісті суаруға кететін шығын бірден 10 есеге дейін кеміген. Мәселен, құлпынай өсіретін Валерий Мищенко тамшылатып суару әдісімен қатар қуат үнемдеуді де қолға алып отыр. Соның арқасында өндірістік шығындар едәуір азайған.

Галина Шнайдер, кәсіпкер: - Біз қыс айларының өзінде 100-150 мың теңге көлемінде ақша үнемдедік. Осының арқасында біз мейрамхана және жазғы демалысқа арналған алаңқайларды салуға кеткен қаржыдан жарты миллион теңгедей қаржыны үнемдеп үлгердік. Энергия үнемдеу технологияларының арқасында біз алдағы жылдарға жоспарлаған шығындардың өзін қысқа мерзімнің ішінде өндіріп аламыз деген сенімдеміз.

Валерий Мищенко, бағбан: - «Жасыл» технологиялардың көмегі арқылы біз, біріншіден, өнім көлемі мен сапасын арттырсақ, екіншіден, уақыт үнемдедік. Өйткені шаруаның жаз мезгіліндегі әр күні қыс бойына азық болары – белгілі қағида. Биыл тамшылатып суару әдісін енгіздік те жанымыз бірден жай тапты. Ешкім қолына күрек алып, егіс сурарып жүрген жоқ. Бұрын аса көп көлемде пайдаланылатын су қазір айтарлықтай үнемделді. Ал осы жаңа, энергия үнемдеуші технологиялардың арқасында мен секілді шаруалардың шығыны анағұрлым кеміп, өндіретін өнім көлемі бірнеше есеге артты.

Источник: 24.kz

Последнее изменение Понедельник, 27 Июнь 2016

Медиа

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook