wrapper

Последние

Қоғамда әйелдер қауымының рөлі артып, нәзік жандыларға артылар жауапкершілік те көбеюде. Сөзіміздің дәлелі — бүгінгі өткен «Ауыл әйелдерінің форумы».

Табиғаты әлсіз демесек, білімі барын биліктен, қолынан іс келетінін кәсіптен кездестіреміз. Орталықтар мен қалада тұратындар үшін мүмкіндік көп. Бүгінгі күні ауыл әйелдерінің де қоғамда белсенді мүшесіне айналуы үшін мемлекет тарапынан көңіл де бөлінуде. Шалғай елді-мекендердегі әйел азаматшалардың күнделікті күйбең тіршіліктен бір сәт бой жазып, кәсібін дөңгелетуі, дамып, жетілуі, рухани кемелденуі үшін елімізде көптеген бағдарламалар жұмыс жүргізуде.

Бұл форумда ауыл әйелдерінің кәсіп бастауы жан жақты сараланды.

Жиында үйдегі тірліктен бөлек, өз алдына іс бастап, оны тиянақты атқарып жүрген қыз-келіншектер де келді. Өзіндік тәжірибелерімен бөлісіп, замандастарына білгенін үйретуге тырысты. Халықты жұмыспен қамту және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы өкілдеріне тараптардан көптеген сұрақтар келді.

Қайтарымсыз қаржыға қол жеткізу жолдары ауыл әйелдерін көп қызықтыратыны байқалды. Демек, ауыл шаруашылығын дамытуға әйелдер де өз үнін қосуға дайын. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қаракөз Сүлейменова бүгінгі форумда нәзік жандыларды ұлттың ұйытқысы болып, отбасының жылуына айналуға, білімді әрі іскер болуға шақырды.

Кәсіпкер әйелдер кезегімен сөз сөйлеп, ауылды жерде де бизнесіңді берекелі етуге болатынын айтып, осы күнге жеткізген табандылық пен еңбек екенін жарыса жеткізді.
Осылайша, форумда сан-салада қызмет етіп жүрген қыз-келіншектер табысты кәсіпкер атанудың қыр – сырымен бөлісті. Енді шалғайдағы ауыл әйелдері де осындай нәтижелерімен қуантады деп сенеміз.

Деректер көзі: aigak.kz

Другие материалы в этой категории: ТҮРКІСТАН: Ауыл әйелдерінің форумы өтті »
Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook