wrapper

Последние

17 қазанда сағат 10:00-ден 17:00 дейін Қызылорда облысы,Сырдария ауданы, Н.Ілиясов Мәдениет үйінде ауыл әйелдерінің форумы өтеді.

Форумды ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының әкімдігі, Қызылорда облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, G-Global- Халықаралық хатшылығы, «Жасыл экономиканы қолдау» және «G-Global-ды дамыту Коалициясы» Заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ), «Coca-Cola» Халықаралық қоры, «Қазақстан әйелдерінің аграрлы одағы»

Форум Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен өтеді.

Форумның негізгі тақырыптары – ауылдар мен ауыл аймақтарының тұрақты дамуы, ауыл халқының жұмыспен қамтылуын және табысын арттыру, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту және «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру.

Форум бағдарламасы бойынша төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылады: Қызылорда облысы әкімі Ысқақов Қуанышбек Досмайұлының, «Жасыл экономика» үшін және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ Басқарма Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жасыл экономикаға көшу жөніндегі кеңестің мүшесі Салтанат Темірқұлқызы Рахимбекованың, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Байқошқарова Салтанат Берденқызының қатысуымен пленарлық отырыс өтеді.

Пленарлық отырыста: Сүлейменов Асхат Мұратұлы - «Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер көп балалы ана - Ермаханова Асемкүл Владимировна, Жалағаш ауданының тұрғыны, жеке кәсіпкер көп балалы ана - Қалиева Шолпан сөз сөйлейді.

Форумның дәстүрлі ерекшелігі «Менің жетістігімнің тарихы» шеруін ұйымдастыру болмақ. Мүмкіндік. Дамыту. Жетістік.

Модератор: Үмбетова Бибігүл Ахметуллақызы - Қызылорда облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы. Бұл сессиядағы спикерлер: Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ақтоған ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Нәлібаева Баян Мәлібекқызы, Жамалова Алмагүл - «Cымбат тігін цехының басшысы, Тюрешова Қалдыгүл Әубәкірқызы - «Тюрешова» шаруа қожалығының төрайымы.

Бағдарлама бойынша Ауыл әйелдері форумының екінші жартысында келесі іс-шаралар өтеді: Отбасы. Бірлік. Береке.

Модератор: Жаналиева Ұлмекен Шанайқызы – Сырдария ауданының әйелдері қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Спикерлер:

Абдрахманова Сымбат Нұртазақызы - психолог, "Қазақстандағы 100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы, Сыздықова Злиха - «Бибарс» ш/қ төрайымы. Жүгінісова Бақытжамал Әзбергенқызы – «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

Форум барысында «Ғасыр ана» номинация иегері 104 жастағы ауыл тұрғыны батыр ана Маханбетова Балшай апайды марапаттау болады.

Форумның қорытындысы жасалып, 2019 жылдың 7-8 қарашасында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан ауыл әйелдерінің екінші форумына делегаттар сайланады.


Баспасөз хатшысы Абдалиева Меруерт

Тел.: 87784560999, 8-7172 - 999402

e-mail: meruert_1968@mail.ru

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook