wrapper

Последние

13 қарашада онлайн форматта «Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы игі бастамалары және ТДМ-2030 жетістіктері» атты  ауыл әйелдерінің III республикалық форумы өтті.

Аталған форум аясында осымен екінші рет бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында БҰҰ «ТДМ-2030: Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде Қазақстанның үлесі» атты БАҚ-тағы үздік жарияланымдар республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау жақсы дәстүрге айналып келеді.

Жыл бойы үздік хабарларымен, өткір мақалаларымен жұрттың ықыласына бөленген бір топ қаламгер сол күні үздік деген марапатқа ие болды. Игі шара биыл да жоғары деңгейде өтті. Конкурс талабы бойынша байқауға эфирде, радиода және баспа БАҚ-та 1 қаңтар мен 20 қазан аралығында жарияланған жұмыстар қабылданды. Үміткерлер 5 номинация бойынша іріктеліп алынды.

Биылғы байқауға 170-ке жуық жұмыс келіп түссе оның ішінде конкурстық комиссия 15 өтінімді іріктеп алды. Үздік шыққан жеңімпаздардың барлығы қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Телеарнадағы үздік сюжет номинациясы бойынша

  • 1 орынды  «Хабар» телеарнасы,  «Бүгін», «7 кун» «Народный контроль» бағдарламаларының редакторы Әмір Саменбетов иеленді,
  • 2 орын «Қазақстан» РТРК» АҚ «Маңғыстау» облыстық филиалының журналисті Нұрмағанбет Айманға бұйырды.
  • Ал, Атырау облысы «QAZAQSTAN» РТРК»  аймақтық телеарнасының тілшісі Жандос Темірғалиев 3 орынды иеленді

«Үздік телебағдарлама» номинациясы бойынша

  • «Almaty.tv»,  «Шешімі бар» ток-шоу журналисті Утеев Ержан жүлделі 1 орынды иеленді.
  • Хабар 24 телеарнасының журналисті Аслан Қаженов 2  орынға ие болды.
  • «ATAMEKEN BUSINESS» телеарнасының журналисті  Азганбаев Жалгас 3 орынды жеңіп алды.

Интернет ресурсындағы үздік материал номинациясы  бойынша

  • Strategy 2050.kz  ақпараттық агенттіктің тілшілері Рабига Нурбай мен Назерке Сүйіндік жүлделі 1 орынды бөлісті.
  • BAQ.KZ ақпараттық агенттігінің журналисті  Аягөз Құрмашева 2 орын иегері деп танылды.
  • «Казинформ» ХАА тілшісі Серик Сабеков 3 орынды иеленді.

Үздік радио сюжет/бағдарлама номинациясы бойынша

  • Жүлделі 1 орын Павлодар облысының «Halyk radiosy» тілшісі Рахымжанова Құралай иеленді.
  • Астана радиосы «Время деловых»  бағдарламасының жүргізушісі әрі авторы Асхожина Ольга 2 орынға ие болды.
  • «Qazaq radiolary»  тілшісі  Альмира Елімсаринаға 3 орын бұйырды.

Баспа бетіндегі үздік мақала номинациясы бойынша

  • Алматы облыстық Жетісу газетінің тілшісі Қажет Андас жүлделі 1 орынды иеленсе,
  • Республикалық «Заң газеті» тілшісі Кебекбай Ерлік пен  Толеген Жанбота Foodinustry.kz сайта баспагері 2 орынды бөлісті.
  • Республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз апталық «Халық» газеті» журналисті Құдайбергенова Нұрбике 3 орынды жеңіп алды.
Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook