wrapper

Последние

2019 жылы "ТДМ – 2030: Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі үлесі" атты БАҚ арасында республикалық конкурс 5 номинация бойынша: «ТВ-дағы ең үздік сюжет», «ТВ-дағы ең үздік бағдарлама» (ақпараттық-талдау бағдарламасына арналған репортаж, деректі фильм),  «Ең үздік радио-сюжет» және Баспа БАҚ-тағы ең үздік материал», «Интернет-БАҚ-тағы үздік материал» өткізілген болатын.

Конкурсқа 2019 жылғы 1 қаңтар мен 10 қазан аралығында эфирден, радиодан өткен және мерзімді баспасөз БАҚ-да жарияланған жұмыстар қабылданды.

Аталған байқауға республикалық және аймақтық БАҚ тілшілерінен 100 – ден астам материал келіп түсті.

Байқау "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" ұйымдастыруымен, "Coca-Cola" компаниясы қолдауымен өтті.

Конкурсты өткізудің негізгі мақсаты - тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ-2030) іске асыруды жария етуге бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі-БАҚ) өкілдерін тарту және Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуіне байланысты ТДМ-2030 міндеттері мен индикаторларына қол жеткізуіне азаматтық қоғамның кең топтарының қатысуын барынша тарту болды.

Былтырғы байқаудың жеңімпаздарының жұмысын әлеуметтік желі мен "Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы" сайтында таныстыратын боламыз. Аталған конкурс 2020 жылыда БАҚ өкілдері арасында жалғасын табатын болады.

«ТВ-дағы үздік сюжет» номинациясы бойынша жеңімпаздар:

1 орын - Жандос Нұрболатұлы Темірғалиев «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ «АСБД» бөлімі, аймақтық тілшілер қосынының Атырау облысындағы меншікті тілшісі иеленді.

2 орын- Саида Жаркинова Қытайдағы СGTN орыс телеарнасының Қазақстандағы меншікті тілшісі. ССТV-құрамына кіретін орталық телеарна. Нұр-Сұлтан қаласы

3 орын- Вишневская Вероника, «Қазақстан» РТРК АҚ –ның облыстық филиалы «ERTIS» телеарнасының редакторы (Павлодар қаласы)

«ТВ-дағы ең үздік бағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпаздар: (ақпараттық-талдау бағдарламасына арналған сюжет, деректі фильм)

1 орын -Алтынай Молжанова «Қазақстан» РТРК АҚ –ның облыстық филиалы «QYZYLORDA» телеарнасының шеф редакторы (Қызылорда қаласы) иеленді.

2 орын- Тусупов Мырзабек «Хабар» телеарнасы «Журналистік зерттеу» бағдарламасының тілшісі (Нұр-Сұлтан қаласы)

3 орын - Амир Саменбетов «Хабар» телеарнасының «Народный контроль» бағдарламсының тілшісі (Нұр-Сұлтан қаласы) ие болды.

Қазақ радиосы мен Астана радиосының әуе толқынында жасыл экономика мен ТДМ-2030 дамыту туралы хабарлар тұрақты түрде таратылады.

Үздік радио-сюжет/ бағдарлама аталымы бойынша

1 орын - «Мусабаева Зейнет Астана радиосы , Нұр-Сұлтан қаласы

2 орын -Воднев Владислав МИА и радио Sputnik Казахстан

3 орын -Альмира Елімсарина, «Қазақ радиолары» ЖШС, Қазақ радиосы. Жүргізуші-редактор, Нұр-Сұлтан

Баспа БАҚ-тағы үздік материал» номинациясының жеңімпаздары:

1 орын- Арнұр Асқаров «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы

2 орын - Ғалым Омарханов «Қазақ газеттері», редакторы Алматы қаласы

3 орын- Митчинова Нина , «Акмолинская правда» газетінің тілшісі, Ақмола облысы

«Интернет-БАҚ-тағы үздік репортаж» номинациясы бойынша ақпараттық агенттіктер, интернет порталдар, сайттарда жарық көрген материалдар, сонымен қоса фрилансерлердің де материалдары қарастырылды.

«Интернет-БАҚ-тағы үздік мақала номинациясы бойынша жеңімпаздар:

1 орын - Жиембай Марлен, ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігінің тілшісі Нұр-сұлтан қаласы

2 орын - Кайрат Жандыбаев « Strategy2050.kz» Ақпараттық агенттігінің тілшісі, Нұр-сұлтан қаласы

3 орын- Рахила Бекназарова BAQ.KZ Ақпараттық агентігінің тілшісі Нұр-сұлтан қаласы

Медиа

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook