Жобаны «Coca-Cola» халықаралық қоры мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Жасыл экономика» Коалициясы жүзеге асыруда. «Coca-Cola Белестері» білім беру жобасының негізгі мақсаты – ауыл әйелдерінің кәсіпкерлік және қоғамдық әлеуетін ашу мен күшейту, әйелдерге өзінің шағын бизнесін жылдам бастауда нақты мүмкіндіктер ұсыну, аталған бизнес әйел мен оның отбасына ғана емес, бүкіл жергілікті қоғамдастыққа табыс алып келеді, сол арқылы Қазақстан қабылдаған 2030 жылға дейінгі Орнықты Даму Мақсаттарына сәйкес ауыл халқының тұрмыс сапасы, ауыл аумақтарының экономикалық және экологиялық дамуы артады.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан бөлек тренингтердің бағдарламасы әйелдерді Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолдау құралдарымен таныстыруды, он жеңімпазы өзінің бизнес-идеясын жүзеге асыруға грант иеленетін үздік бизнес-идеяға арналған «Coca-Cola Белестері» жыл сайынғы байқауға қатысу шарттарын таныстыруды, сондай-ақ «Жеке Аула Шаруашылықтары» онлайн-мектебінде оқу мүмкіндігін ескереді.