wrapper

Последние

Мемлекеттік ресурстар тиімді пайдаланылмайды. Салдарынан экономиканың дамуы тұралайды. Президенттің өткен жылғы Жолдауда жүктеген тапсырмасынан кейінгі тексеріс қорытындысы осындай.

Былтыр Мемлекет басшысы квазисекторлардың жұмысына күмән келтіріп, тексеруді жүктеген болатын. Бір жылдың ішінде нәтиже қандай болды? 

Қармауды ғана білетін, қайтарымы жоқ компаниялар көп бізде. Орталықтың өзінде тұрғын үй саясатын сапыратын 7 оператор бар. Басқа салаларда да сол көрініс. Президенттің квазимемлекеттік компаниялардың сапасына сын айтқаны сондықтан. «Олар халықтың қамын ойлаудың орнына көбіне мемлекетке қол жаяды. Халықаралық бәсекеге қабілеттілігі де күмән тудырады»,-деген. Сол себепті Үкімет пен Есеп комитетіне холдингтер мен ұлттық компанияларды тексеруге үш ай мерзім берілді. Күмән расталды. 22 квазисектордың 6-уы ғана таза. Қалған 11-інің ісі әлі сүзгіден өтіп жатыр.  

Асхат Сүлейменов, «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясының» атқарушы директоры: 

- Кәсіпорындарға келетін болсақ, бұл жерде олардың корпоративтік жауапкершілігі болуы керек. Бұл дегеніміз олар пайдалы қазбалар табатын болса немесе мұнай газ саласында істейтін болса, біріншіден, олар өз қызметкерлеріне жағдай жасау керек. Екіншіден, жұмыскерлерді таңдағанда әртүрлі деңгейдегі жұмыскерлерді алу керек. 

Адам тек күнелтуді ойламай, өмір сүруі керек. Әлемнің көп мемлекеті соған ұмтылады. Ал оның тетігі – инклюзивті экономика. Яғни, білім, медицина, энергияға қолжетімділік. Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында біздегі азық-түлік пен киім-кешек, әуе тасымалы бағасының тым жоғары екенін айтып, түзетуге уақыт берген. Не өзгерді? Президент пәрменінен кейін ұшу құны 8,3%-ға арзандады. Тіпті 4 мың теңгеден басталатын тариф енгізілді. әдетте мың құбылатын ұн өнімдері мен дәнді-дақылдар бағасы тұрақталды.   

Бауыржан Ысқақов, экономика ғылымдарының кандидаты: 

- Инклюзивті экономиканың негізгі пайдасы - тепе-теңдікті ұлғайту, халықтың кірісінің жанұялық бюджетіне келетін кірістерінің артуына мүмкіндік беретін бағыт.

Сондай-ақ Жолдауда шағын және орта бизнеске ерекше екпін қойылған еді. Қазір бұл сектордың ішкі өнімдегі үлесі 21%-дан аспайды. Алдағы 5 жылда 50 пайызға дейін жеткізу міндеті тұр. Ол үшін мемлекет тарапынан жеңілдіктер жасалып жатыр. Түрлі салықтардан босату, әкімшілік кедергілерді барынша жою ісі қолға алынған. 

Қазыбек Шайх, Ұлттық кооперативтер және басқа да экономикалық қоғамдастықтар қауымдастығының президенті: 

- Біріншіден, оларға салықтан жеңілдік беріп жатыр. Екіншіден, оларға несие аулға жағдай жасап беріп жатыр.

Жолдау жүктеген міндеттерді бір жыл ішінде тындырып тастау мүмкін емес. «Байыппен, бастысы ел игілігіне жарайтын сапалы іс болуы тиіс», - деп отыр сарапшылар.

Деректер көзі: qazaqstan.tv

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook