wrapper

Последние

Осы айдың 11 қыркүйегінде сағат 11.00-13.00-де Жамбыл облысы ауыл әйелдерінің форумы – 2020 ZOOM онлайын-алаңында өтті.

Форумның ұйымдастырушылары: Халықаралық Coca-Cola қорының қолдауымен «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ.

Форумның серіктестері: Жамбыл облысының әкімдігі, «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ, G-Global халықаралық хатшылығы.

Форумды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері  және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қолдап отыр.

Бұл республика бойынша жоспарланған 14 форумның төртіншісі.

Осы өңірлік форумдардың қорытындысы негізінде қараша айында Ауыл әйелдердің ІV республикалық форумы өтеді.

Бағдарлама бойынша форумның модераторы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Айсина Майра Арапқызы.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымының орынбасары Лаззат Жаңылысқызы Сүлеймен, Coca-Cola компаниясының Орталық Азия мен Кавказдағы үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Александра Аккирман алғысөз сөйледі.

Форумда «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Анатольевна Ожго мен «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Мұратұлы Сүлейменов «Ауыл әйелдері кәсіпкерлігін қолдаудағы әлеуметтік жобалар заман қиындықтарына жауап береді: «Coca-Cola Belesteri», «Business Team», «Ауыл Onimi», «Жеке қосалқы шараушылық» интернет-мектебі тақырыбына баяндама жасады.

«Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» жетістігінің шеруі форумының дәстүрлі ерекшелігіне айналып келеді.

Бұл бөлімде

  • Байзақ ауданы, «Нұр-Ахмад» шаруа қожалығының басшысы Джумабекова Гульнара Балтабаевна;
  • Меркі ауданы, ауданының жеке кәсіпкері, көп балалы ана Малдыбайкызы Айжанат;
  • Қордай ауданы,   жеке кәсіпкер – меншікті балабақша менгеруші Алимжанова Лаура Жекеновна;
  • Т.Рысқұлов ауданы, «Мырзагельдиева» жеке кәсіпкері Мырзагельдиева Эльмира;
  • Жамбыл ауданы, «Нұр-Нұрлы» жеке кәсіпкері, медиатор Амирова Нүрлыкүл

сөз сөйледі.

Панельдік бөлімде

  • Жамбыл облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Баққараев Олжас Елебекұлы;
  • «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасынын төрағасы Акшалова Айгуль Сагимбековна;

сөз алды.

Медиа

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook