wrapper

Последние

Қазақстанның экономикалық зерттеулер институты алаңында Қазақстанның «жасыл өсім»: экономиканы экологизациялау атты бейне конференция өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Бұл онлайн-конференция Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшуге қатысты бастамалардың бастаушысы, «Құрмет Орденінің иегері» Салтанат Рақымбековаға арналды. Салтанат Рақымбекова қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, "Жасыл экономика" және G-Global дамыту коалициясының басқармасы басшысы, Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы төрағаларының бірі болды. Ол осы жылы 3 тамызда қайтыс болды.

Конференцияда алғаш болып марқұмның жолдасы Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы сөз сөйледі. Ол ұйымдастырушыларға еске алу шарасы үшін алғыс білдірді.

Салтанат Темірқұлқызы 90 жылдары өзінің кандидаттық диссертациясын қорғаған кезде энергияны қайта қалпына келтіру көздері тақырыбын таңдаған болатын. Ол сол кезде өмір сүру сапасын жақсарта алатын инновацициялық технологиялар идеясын бастаған. 2013 жылы Қазақстан «жасыл экономикаға» өту туралы шешім қабылдаған кезде Салтанаттың «уақыты» басталған еді. Ол осы шешімге қатты қуанып, жоспарларын жүзеге асырғысы келді. Сөйтіп, Салтанат Темірқұлқызы «Жасыл экономика коалациясы» атты қоғамық ұйым құрды. Қазақстан бойынша өзнің пікірлес жақтастарын айналасына жинады. Жасыл технологиялардың орталығы болған «Арнасай» жобасы оның ең сүйікті жобасы еді. Одан кейін мұндай орталықтардың саны 8-ге жетті.

Ол өзінің айналасына өзі сияқты альтруистерді жинады. Соңғы үш жылда ауыл әйелдерінің жағдайы оны қатты алаңдатты. Тіпті өмірінің соңғы күндерінде ауруханада жатып маған ауыл әйелдеріне арналған жобаларды айтып, басталған істерді аяқтау керектігін айтып, хаттар жазған болатын. Біздің алдымызда 2030 жылға дейін үлкен тапсырма тұр. Ол ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру, шағын шаруа қожалықтарының табысын арттыру, ауыл шаруашылығы үшін жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу. Осы сәтті пайдалана отырып, бірнеше ұсыныс айтқым келеді. Халықаралық ынтымақтастықты пайдалана отырып инфестиция тартуды көбейтіп, ауыл инфрақұрылысын дамытуға жұмсау керек. Ауыл шаруашылығын дамытсақ, қаладағы азық-түлік базарларында өнім көп болады, - деді Төлеутай Сатайұлы.

Естеріңізге сала кетейік, Салтанат Рақымбекова «Ауыл әйелдері» форумының ұйымдастырушысы еді.

«Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы Айгүл Соловьева Салтанат Рақымбековамен әріптес болды. Оның айтуынша, қазір іске асып жатқан жасыл экономикаға өтудегі қадамдардың бәрі Салтанат Темірқұлқызының идеясы.

Біз құрбылар болып, жұмыстан тыс уақыттан кездескенде әр түрлі тақырыптарда сөйлесетінбіз. Ол «жасыл экономика» туралы әңгімелескенді жақсы көрді. Тіпті ауруханада жатқанда өкпені желдету аппаратында жатса да, осы тақырыпта идеяларын, жобаларын жазып жіберетін. Мен оған денсаулығыңды ойла, басқа ештеңеге бас қатырма – деп жауап бердім. Ол Қазақстанның жасыл экономкаға өтуіне шын көңілмен сенді, қатты қалады, жан-тәнімен беріліп жұмыс істеді. Қазір Салтанат Темірқұлқызының өзі жоқ, алайда оның жобалары жалғасын тауып жатыр. Қазіргі таңда Жасыл экономикамен айналысу бәріміз үшін маңызды. «Жасыл экономикасыз» біздің экономика бәсекелестікке қабілетті бола алмайды. Жасыл экономикаға өткен амыған елдер үнемді, сапалы, таза, арзан экономиканы жасап отыр. Сонымен қатар азаматтардың денсаулығын сақтап, жергілікті жердің экологиясын сақтап қалып отыр, - деді Айгүл Соловьева.

Конференция барысында БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасының өкілі Виталий Времиш, климат саясаты мен жасыл технологиялар департаменті басышысының орынбасары Зүлфия Сүлейменова, «EXPO&WOMAN» атқарушы директоры Ләззат Асқаровалар «Жасыл экономикаға» өту туралы баяндамалар оқып, Салтанат Рақымбекованы еске алды.

Деректер көзі: strategy2050.kz

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook