wrapper

Последние

Ағымдағы жылдың қарашаның 13 онлайн форматта «Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы игі бастамалары және ТДМ-2030 жетістіктері» атты  ауыл әйелдерінің III республикалық форумы өтті.

Форумның ұйымдастырушылары: «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен, Coca-Cola халықаралық қоры, Еуропа Қайта құру және даму Банкі, ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар офисі

Форумның мақсаты-Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі», Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы және Қазақстанда ТДМ – 2030-ға қол жеткізу және «Ауыл-ел бесігі» арнайы жобасы аясында ауылды реформалау, агросекторды экономика өсуінің жаңа драйвері ретінде арттыру жөніндегі үкіметтік бағдарламаларды қолдау. Ауылдық аумақтардың инклюзивті, инновациялық және «жасыл» экономиканы дамытуға жәрдемдесу. Жаңа өңірлік саясат пен жергілікті өзін-өзі басқаруды нығайту.  

Биылғы жылы республикалық форумның алдында ұйымдастырушылар тамыз-қазан айлары аралығында онлайн режимде  Қазақстанның 163 ауданынан 2100-ге жуық ауыл әйелдерінің басын қосып облыстық ауыл әйелдерінің форумын 14 өңірде өткізген болатын. Әлемдік пандемия  Форум барысында талқыланып жүрген мәселенің өзектілігін арттырып, маңыздылығын еселей түсті. Әсіресе форумдар барысында ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауылшаруашылық кооперативтерін құру, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды ілгерілетуде жүргізіліп жатқан жұмыстардың стратегиялық маңызы зор екендігін дәлелдеді.

Коалицияның бастамасымен іске қосылған, халық арасында кеңінен қолдау тапқан «Ауыл өнімі» жобасы ауыл тұрғындарын пандемияға қарамастан ауылдық жерде өнім өндіріп, табыс табуға жетеледі.          Бұл жобаның сәтті басталуына былтырғы форум делегаттары көмектескенін айту керек.

Сол үшін де бұл жобаны ауыл әйелдерінің «Ауыл – Ел бесігі» атты Елбасының арнайы жобасына қосқан үлесі деп тануға болады.  Елімізде іскер әйелдердің қатысуымен өтіп жатқан талай іс-шаралар болса да, бұл Форумның орны ерекше. Себебі, нақты ауыл  өмірінің барлық салаларын қамтитын істе үздік әйелдерді облыс әкімдіктерінің көмегімен іріктеп, бір алаңда жинау, алғаш рет тек қана дәл осы Форум аясында мүмкін болды.

Бұл – Форумның тұрақты диалог пен ынтымақтастық алаңына айналғандығының белгісі. Жылдан жылға форумның тақырыбы күрделеніп, қыз-келіншектердің жеткен жетістіктері артып келеді. Форум аясында ауылды дамытуға, сонымен қоса ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға арналған сессиялар өткізілді. Бұдан бөлек жетістікке жеткен іскер әйелдер өз жетістіктерімен бөлісті. 

Форумның бағдарламасына сәйкес келесі сессиялар өтті: «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде ауылды дамыту, «Мал шаруашылығы фермерлік шаруашылықтарының тұрақтылығын арттыру», «Өсімдік шаруашылығы мен жеміс-көкөніс шаруашылығында өнімділікті арттыру бағытында инновациялық технологияларды қолдану», «Ауылдағы әйелдер бизнесі мен стартаптардың келешегі». 

Форумның ресми бөлігі Парламент депутаттарының, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрайымы, ҚР Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылығының, халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Форумды ашқан Мәжіліс депутаты Майра Айсина: «Ауыл әйелдерін біріктіруші әрі ынталандырушы алаңға айналған үшінші республикалық форумның жұмысына сәттілік тілеп, жыл сайын қатарымыз жаңа есімдермен толығып жатыр. Өкінішке қарай, аналардың жұмысын көріп, қолдап қайту үшін биыл ауылдарға бара алмадық. Әйтсе де, қашықтық бізге кедергі емес, онлайн режимде де кездесіп отырмыз», – деді.

Сонымен қатар «Форум жұмысы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына айтарлықтай серпін беретініне сенімдіміз. Бұл әйелдердің әлеуметтік мәртебесін жақсартады. Сүттің 70% және көкөністің 90% жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі, сондықтан Президенттің жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін шешуші түрде пайдалану қажеттілігіне назар аударуы бекер емес. Елімізде әйелдер ауылдың дамуы үшін орасан зор еңбек сіңіруде», – деді депутат.

Форум барысында ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумына қатысушыларды ерлермен қатар елеулі еңбек етіп жүрген іскер әйелдердің жұмысына сәттілік тілеген құттықтау хатын форумда  ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова оқып берді. Оның айтуынша, бүгін де әйелдер өз кәсіпорнын ашып, шаруа қожалықтарын басқарып, бірегей өндірісті іске қосып, мыңдаған адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Оған қоса өскелең ұрпақты тәрбиелеп, отбасы құндылықтарын сақтауда алатын орындары да ерекше маңызды. Ал Мемлекет басшысының бастамалары бұған қосымша серпін береді. Мысалы Президентіміз биылғы Жолдауында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімдерін екі есе арттыру, агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспорттық көлемін екі есе арттыру сияқты тапсырмалар берді. Сіздер де осы міндеттерді жүзеге асыруға зор үлес қосып жүрсіздер. Алдағы уақытта да ерлермен қатар елеулі еңбек ететіндеріңізге сеніміміз зор», - делінген құттықтау хатта. Сонымен қатар форумда  елімізде іске асырылып жатқанына 8 жыл болған  «Coca-Cola белестері» әлеуметтік жобасының қорытындысы шығарылып, «Coca-Cola белестері-2020» байқауының 20 жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті, айта кету керек, гранттық қаржы иеленген әйелдер саны биыл екі есеге артты.  Арнайы «Жасыл» бизнес-жобасы үшін Салтанат Рахымбекова атындағы гранттық қаржы бизнесті алғаш бастағандарға тапсырылды, «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері/100 истории успеха» кітабының да тұсаукесері өтті.

Қазақстанның ауыл әйелдерінің III форумы барысында «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мен «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Форум аясында осымен екінші жыл қатарынан БАҚ өкілдері арасында Қазақстанда 2030-тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруды насихаттау бойынша республикалық байқау өткізіліп келеді. Форумда бұқаралық ақпарат құралдары арасында жеңімпаз журналистерді салтанатты марапаттау рәсіміде өтті. Айта кетейік, байқауға эфирде, радиода және  баспа БАҚ-та 1 қаңтар мен 20 қазан аралығында жарияланған жұмыстар қабылданды. Конкурсқа 170 жұмыс келіп түссе оның ішінде конкурстық комиссия 15 өтінімді іріктеп алды. Жеңімпаздар қаржылай сыйақы иеленді.


 

Баспасөз қызметі
Меруерт Абдалиева
Тел.: 87784560999, 999402
e-mail: meruert_1968@mail.ru

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook