wrapper

Последние

«100 асқар шыңдарға ту тіккен Қазақстан ауыл әйелдері / 100 историй успеха сельских женщин Казахстана» атты, 2020 жылы жарыққа шыққан кітабының келесі кейіпкері — Еңбекшіқазақ ауданы, Нұра ауылының тұрғыны, «Жетіқазына» құсбегілер музейінің директоры Серикбаева Динара Баетбай-қызының жетістікке жеткен тарихы.

«Мен киелі Алтын адамның отаны Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Нұра ауылында тұрамын. Өз ауылымның өсіп өркендеуіне, көркеюіне сүбелі еңбегімді қосып келемін. Ата-анамда осы ауылдың алғашқы қазығын қаққан адамдар. Әкем – Исабеков Баетбай Ұлы Отан соғысының ардагері, Ардагер Панфиловшы, анам Нұрланбекова Қантбала тыл ардагері. Өмірінің соңына дейін еңбекпен өткен адамдар. Осы ардақтыларымыздың еңбекқорлығы бізгеде жұғып, жоғарғы оқу орнын бітіріп, өз ауылымда ең алғашқы қазығын қағып, «Жетіқазына» құсбегілер музейін 2003 жылы аштық. «Өткеннің өнегесі бүгінгінің баға жетпес байлығы» деген. Өткенімізді жандырғымыз келіп, ата-баба дәстүрін сақтап, ұрпақтан ұрпаққа өнеге ету басты мақсатымыз болды. Музейге алыс жақын шетелдерден қонақтар келуде. Оқушылар, студенттер тіпті бала-бақшадан да қол ұстасып, қаздай тізіліп келіп тұрады.

Қаншама мыңжылдық тарихы бар құсбегілік өнер атадан балаға беріліп келе жатқан мирас, яғни аманат. Бұрында тарихтан білгеніміз хандар — бектер мыңдаған құсбегілер ұстаған. Саят құрған айлап жүріп қызығына тоймаған. Яғни құсбегілікті дамыта отырып, өркендете біліп өздеріне ермек еткен. Одан кейінгі жылдары біршама уақыт қатары сиреп әр өңірде 1-2 бүркітші бабалар қалды. Кейбір аты аңызға айналған даналар ұмыт болды десек артық айтқандық емес. Мысалы түркі тілдес елдің барлық құсбегілерінің ұстазы саналатын – Шора баба. Құс біткен зарлаған екен дейді — «Аспанға ұшсам қанатым талады, жерге қонсам Жалайыр Шора алады» деп. Ал Тіней баба туралы- «Тінейдегі қасиет егіз екен Сары құспен, Шорадағы қасиет егіз екен бар құспен» деген. Кәлпеден шыққан Дембосын Дүзелұлы – аспанда екі көзім құс қараған, білмейді құс қадірін ұстамаған, — деп құсбегіліктің бар болмысын аша білген. Одан кейінде біраз аталар шамалары келгенше осы өнерді көтерді.

Райымбек ауданынан шыққан Әбіләкім Солтанқұлов бір ауылды соғыс жылдары бүркіт – тазысымен асыраған. Қарақыстақ ауылынан Сүлеймен Тақымов бүркітші атамыз 1942 жылы Ұлы Отан соғысы жылдары «Мәңгілік махаббат» атты бүркіт туралы киноға түсіп, бір аңшылық мерзімде 100ден аса түлкі ұстаған. Ал оданда ерте Ұзынбұлақ аулында өмір сүрген Дәулетбақ Көшкінов атамыз бүркітімен 1935жылы Ораз Жандосов ұйымдастырған «Салбұрында» 1 – орынды жеңіп алған. Тағы бір айтатын Дәулетбақ ата туралы фильм және «Болат тұяқ» атты  кітап шыққан.

Осы аталардан кейінгі уақытта құсбегілік біраз баулап жойылудың аз алдында тұды. Сол бабалар салып кеткен соқпақ жолды іздеп тауып, жалғастыру басты арманым еді. Қазір шүкіршілік құсбегілік ақырындап дамып келеді. Басқа өңірлерде айтпағанда Алматы облысы құсбегіліктің орталығы. Кезінде Әбен, Сейтжан аталар үлгі өнеге көрсетсе, қазір Жұқай, Мұхамед, Бекмұхан, Алдаберген, Бауыржан сынды орта буын азаматтар ұрпақтарына үлгі Жетіқазынада өрімдей жастар бүркіт баптап аттары әйгілі болды. Қаныш,Қуаныш, Сұлтан, Серік, Медет, Бекет, Айбек, Өмірхан, Ермұхан, Сағыныш, Бауыржан, ал бүркітші қызымыз Айгерім қызымыз бір төбе.Жетіқазаналықтар жастайынан құсбегілікпен сусындап өскеннен соң қаншама игі іс-шараларға қатысып биіктен көрініп жүр. Өз елімізден бастап басқа алыс-жақын шетелдерге шығып қазақтың төл өнерін төрге шығардық. Англияға барған сапарымызда 33-мемлекеттің көш басшысы болып, ұлттық шеруді бастап жүріп, көк туды биікте желбіретсек, Венгрияда үлкен Эстерком қаласының құрметті азаматы болдық. Францияда Наполеонның аңшылық жасаған орнына 30мың халықты жинап үлкен өнер көрсеттік.  Сонымен қатар Германия, Манғолия, Қырғызстан, Қытай мемлекеттерінде көрме өткізіп қазақтың тазы-бүркітін, дәстүрін насихаттап қайттық. Елдің ықыласын алып, құрметке бөлену ол-мәртебе. Қаншама алғыс хат, грамота, дипломдар, медаль-кубоктармен мараппатталдық. Шетелдерден келген құттықтаулар шексіз. Құсбегілік өнер кез келгенге берілмейтін қиында қызық сала. Құсбегі батырда батыл, қырандай ұшқыр өжет болу керек. Бүркітпен аңға күз-қыс айларында шығып, көктем-жаз айларында түлекке отырғызады, яғни демалады. Осындай күрделі еңбек атқарып жүрген ұл-қыздарыма алғысым шексіз.  Көк туымызда тұрған қыранымызды шырқау шегіне әуелете жеткізу басты арман міндетіміз.

Еліміздің елдігін білдіретін қаржы да, қару да емес, салт-дәстүр, мәдениет, өнерімізде. Қазақтың қарашаңырағынан тарайтын төл өнеріміз барлығымыздың мақтанышымыз».

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook