wrapper

Последние

Құрметті сайт қонақтары! Бүгін назарыңызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының “Бірлік-Миялы” ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы, жеке кәсіпкер Ізімова Айжан Ізімқызының өз жетістікке жеткен тарихы.

«Мен Қызылқоға ауданының Тасшағыл ауылында дүниеге келдім.
Сөзімнің басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне үлкен мән берілгенін, осы сала бойынша алға қойылған міндеттердің нақты айқындалғанын атап өткім келеді. Тоқтала кетсем, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді
толық қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру, еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту және агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру сынды міндеттер алға қойылып отыр. Менің мақсатым да — нақ осы саланың дамып-өркендеуіне өзімнің үлесімді қосу. Өйткені ауыл шаруашылығын
өркендету — ең алдымен ауылды көркейту деген сөз. Ал ауыл — ұлтымыздың алтын бесігі, ендеше, ауылды көркейту,сөзсіз, қазақтың жарқын болашағының кепілі болмақ. Сондай-ақ, «Бірлік-Миялы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымымын.

Елімізде «50 ауыл» концепциясы бойынша ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру ісі қолға алынғаны баршаңызға белгілі. Осы жоба аясында мен 2016 жылы «Бірлік-Миялы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрдым. Бұл — біздің аудан ғана емес, бүкіл облыста ең алғашқы болып құрылған кооператив. Қазіргі таңда кооперативке 125 адам бірігіп отыр. 2016 жылы мемлекеттен 48 жобаға — 166 миллион теңге, 2017 жылы 60 жобаға 182 миллион теңге жеңілдетілген несие алдық, 1943 бас мүйізді ірі қара малын алып, семіртіп-бордақыладық.

2017 жылы мемлекеттік «Ынтымақ» бағдарламасы аясында құны 15 миллион теңге болатын замануи үлгідегі модульді мал сою цехын іске қостық. Цехтың құнының жартысы, яғни 7,5 миллион теңге мемлекет есебінен субсидияланды. Бұл, әрине, үлкен қолдау. Цехтың қуаты бір күннің ішінде он бас мүйізді ірі қараны союға жетеді. Цехта барлық талаптарға сай, тиісті құралдармен толықтай жабдықталған мал сою бөлмесі, ветеринарға арналған бөлме, сыйымдылығы төрт тонна ет өнімдерін сақтауға жететін мұздатқыш, ет өнімдерінің салмағын өлшейтін электронды таразы бар. Аудан тұрғындарының қалауы бойынша цех олардың жеке иеліктеріндегі малдарын сойып, бұтарлап, дайындап беру қызметін көрсетеді. Мұнда төрт түліктің қай-қайсысын да союға әкелуге болады. Аудандағы барлық ауылдық округтер біздің цехтың қызметіне жүгіне алады. Цехта малды сойып, бұтарлап қана қоймай, оның етін еттартқыштан өткізу, қуырдаққа даяр етіп, турап беру секілді қызметтер де көрсетіледі.

«Еңбек ширатады, өмір үйретеді» — дейді. Біздің қазіргі қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалғымыз келмейді, мал сойып, оның етін өңдеудегі озық тәсілдерді өз ауданымыздың аумағына жеткізгіміз келеді. Келесі көздегеніміз — сойылған мал етін қалдықсыз өңдейтін өндірісті іске қосу. Бүгінгі күні Қазақстан халқының жалпы санындағы ауыл тұрғындарының үлес салмағы 43 пайызды құрайды.

 

Авторизуйтесь, чтобы получить возможность оставлять комментарии

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook