wrapper

Последние

«Соса Соla белестері». Бүгін Шымкентке «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері келді.

Мақсат – ауыл-аймақтағы жұмыссыз әйелдерді оқытып, кәсіпкерлікке баулу. Мүдделі топтың пайымынша, әйелдер бастаған істе береке бар. Шара барысында өңірімізге арнайы іс-сапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Айсина бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен әйелдерді жасыл технологияларды қолдана отырып, кәсіп ашуға үндеді.

«Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы». Қоғамдық ұйым 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінге дейін Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарында түрлі семинар-тренингтер өткізіп, жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерді кәсіпкерлікке үйреткен. Бағдарлама қолға алынғалы 9 мың әйелге іскерлік туралы дәріс оқылған. 41 нәзік жандыға бизнес бастау үшін қаржылай қолдау көрсетілді. Жаңа жылдан бастап, аталмыш жоба жаңа серпінге ие болды. Өйткені, бағыты айқын бағдарламаның шарапатын көргендердің көсегесі көгеріп отыр. Бірлестік жұмысының шет-жағасын естіп, мамандардан тікелей кеңес алуды көздеген қыз-келіншектердің қарасы қалың. Ауыл-аймақтан арнайы келгендердің бірі - Мархаба Эрметова. Төлеби ауданында тұрады. Жұмыссыз келіншек мемлекеттен қолдау болса, бизнес бастауға әзір.  Бұған дейін жобаға қатысып, қайтарымсыз қаржы ұтып алғандардың тіршілігі қазір қыз-қыз қайнап жатыр. Биылдан бастап, бизнес жоспары жоғары бағаланып, қоғамға қажеттілік тудырған жобаның әрқайсысына 1 млн. 300 мың теңге қаражат беріледі. Осы күнге дейін 4 мың АҚШ доллары көлемінде грант бөлінген. Сөйтіп, бағдарлама аясында 100-ден астам жұмыс орны ашылған.

Дерек көзі: shymkenttv.kz

Последнее изменение Понедельник, 08 Январь 2018

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook