wrapper

Последние

«Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі 2013 жылдан бастап Ақмола, Алматы, Қарағанды облыстарында жұмыссыз және кәсіпкер әйелдерді жасыл технологияларды қолданып, өз істерін ашу бойынша «Coca-Cola Белестері» атты семинар-тренингтер өткізіп келеді.

Бағдарлама басталғалы бері семинарларға 9 мыңға жуық әйел қатысып, олардың ішінде 41 әйелге 4 мың АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз қаржылай қолдау көрсетілді. Осы бағдарлама аясында жүзден аса жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бүгін Шымкент қаласындағы «Нұр Отан» партиясы филиалы ғимаратының мәжіліс залында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Майра Арапқызы Айсинаның қатысуымен осы бағдарламаның негізгі шарттарын таныстыру мақсатында кездесу өтті. Оған жергілікті кәсіпкерлер және жұмыссыз әйелдер қатысты.

- Осыдан жеті жыл бұрын «Нұр Отан» партиясы бізде бірнеше партиялық топ құрды. Соның арасында «Әйелдерге көмек көрсету, қолдау» деген топ құрылып, соған басшылық етуге маған ұсыныс жасады. Біздің елімізде жұмыссыз жүрген әйелдер өте көп. Қаладағы бизнеске үйрететін тегін оқуға келуге әйелдер ауылдан, отбасынан ұзап шыға алмайды. Сондықтан біз ауылға өзіміз шығуды ұйғардық. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда 7,5 мың әйелді бизнеске үйреттік. Бала-шағасына қарап үйде отырады әрі өзінің қолынан келетін шағын бизнесті дөңгелетеді. Несие алу үшін де кәсібін әбден меңгеріп алған дұрыс. Бұл тұрғыда бізге «Coca-Cola» компаниясы көмекке келді. Соның арқасында жыл сайын 10-15 әйелге грант береміз. Бұрын 700 000 теңге берсек, қазір 1 300 000 теңге берудеміз. Бұл үшін алдын-ала арнайы байқау жариялаймыз. Оны біз Ақмола мен Алматы облыстарынан бастадық. Қазіргі таңда еліміздің өзге өңірлерінен де сұраныстар түсуде. Өздері талап білдірген әйелдерді жинап, үйде отырып қандай бизнеспен айналысуға мүмкіндік болатындығына көздерін ашамыз, -- деді Майра Арапқызы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне берген сұхбатында.

Дерек көзі: okg.kz

Последнее изменение Понедельник, 08 Январь 2018

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook