wrapper

Последние

Елордада ғарышкерлер күніне орай бір топ мектеп оқушылары сағат 12-ден 8 минут өткенде көкке зымыранның макетін ұшырды.

Себебі осыдан 57 жыл бұрын дәл осы уақытта адамзат тарихында алғаш рет «Байқоңыр» айлағынан Юрий Гагарин ғарышқа аттанған болатын. Игі шара мерекелік бағдарламаға ұласты. Салтанатқа атақты ғарышкер Айдын Айымбетов те қатысты. Оқушылар танымдық қойылымдар көрсетіп, флешмоб өткізді. Тың бастамаға «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту колалициясы» мұрындық болды.

Салтанат Рақымбекова, «Жасыл экономиканы қолдау коалициясының» басқарма төрайымы:

- Негізі бұл ғарыш мектебі, бұл жерде Т. Әубәкіров атындағы сынып бар. Біз осы жақын арада осы мектеппен әріптестікті дамытып отырмыз. Бұл жерде жасыл технологиялар көрмесін ұйымдастырып, жастарды осы жасыл технологиялармен таныстыру болды біздің мақсатымыз. Өйткені алдымызда үлкен мақсат тұр біздің еліміз 30 дамыған мемлекеттердің қатарына кіру керек.

Источник: 24.kz

Последнее изменение Пятница, 13 Апрель 2018

Медиа

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook