wrapper

Последние

Қазақстаннан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне таза энергия экспортталады.

Жоба халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы делегациясының Оңтүстік Кореяға сапары барысында талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орталық басшысы Рапиль Жошыбаев баламалы энергия көздерін дамыту туралы айтып, оңтүстіккореялық компанияларды ынтымақтастыққа шақырды. Щучинск қаласында «Жасыл Арнау» технопаркін құру жобасына инвесторлар үлкен қызығушылық танытты. Бурабай ауданында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында, көлікте және қоқысты өңдеу мен кәдеге жаратуда ноу-хау енгізілетін болады. Сондай-ақ кореялық компаниялар қазақстанның таза энергиясын сатып алуға ниетін білдірді. Елімізде күн, жел және су арқылы өндірілетін энергия Қытай арқылы Кореяға және басқа Оңтүстік-Шығыс елдеріне жеткізілуі мүмкін.

Ербол Сарыпбеков, «Жасыл технологиялар» және инвестициялық жобалар халықаралық орталығының департамент басшысы

- Бұл энергияны Қытай арқылы бірден экспорттауға болады. Ол Қазақстанның Қытай шекарасына жақын аймақтарда өндірілуі мүмкін. Қытаймен келісім жасалғалы жатыр. Бұл жоба алдын ала бағаланады. Орталық Корея мамандары үшжақты форматтағы басқосуға қатысуға шақырды. Қазақстан өз аумағында бір гигаватт энергияны өндіруге дайын.

Деректер көзі: 24.kz

Последнее изменение Вторник, 03 Сентябрь 2019

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook