wrapper

Последние

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында жел, су, күн электр стансалары жұмыс істейді. Тиімді көздерден инвестиция тартудың нәтижесінде жұмыс істеп отырған стансалар өңір экономикасын дамытып қана қоймай, өз кезегінде мыңдаған жамбылдықтарды жұмыспен қамтып келеді.

Бірқатар аудандардың ахуалының жақсаруына да серпін беруде.

Алайда қазір өңірде энергия тапшылығы өзекті мәселе болып отыр. Жамбыл облысында аталған мәселені шешу мақсатында жаңғырмалы электр энергиясы көздерін пайдалану жүйелі қолға алынып келеді. Бұл мақсатта өңірге тиісті инвестициялар да тартылуда.

Энергия тапшылығын жою мақсатында өңірдегі стан­са­лардың қатары алдағы уақытта түркиялық «Глобал Строй» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің күн электр стансасымен толығатын болады. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов түркиялық «Глобал Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкіл­дерімен кездесіп, келісім арқылы екіжақты меморандумға қол қойылған болатын. Қазір аталған компания өкілдері өңірде 400 мегаваттық күн электр стансасын салуға ниетті. Егер жо­ба жүзеге асқан жағдайда өңір­де Орталық Азиядағы ең ірі стан­са­лар­дың бірінен саналатын «Bur­noye Solar-1» стансасынан төрт есе көп электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Бұл мақ­сатта Асқар Мырзахметов жер­гілікті билік инвесторлар­ды барынша қолдауға әзір екенін, оларға қажетті жағдай жасалатынын айтып отыр. Бұл үшін әуелі қажетті жер көлемін нақтылап, станса салуға қолайлы аймақты анықтау шараларын жүргізу маңызды болып отыр. Бүгінгі таңда облыста құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде жұмыс істеп жатқан жел, күн электр стансалары бар. Бұл ретте аймақтың баламалы энергия өндіру бағытында айтарлықтай тәжірибесі бар деуге болады.

Сонымен келешекте Әу­лиеата өңірінен әлеуеті жоғары күн электр стансасы бой көте­реді. Өз сөзінде «Глобал Строй» жауап­кершілігі шектеулі серіктес­тігінің құрылтайшысы Булган Ахмет Дюран мен атал­ған ком­панияның бас директоры Уйгун Эюп Жамбыл облысы күн сәулесі көп түсетін өңір бол­ғандықтан таңдау осында түсіп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, салынатын стансаға жел мен күннің қозғалысына ың­ғайлы жаңа технологияларды пайдаланатындарын айтып, жұмысты бастауға дайын екен­діктерін мәлімдеді. Сондай-ақ олар болашақта Қазақстанда
8 мың мегаваттық станса салуды да жоспарлап отыр екен. Ал Жамбыл өңірінен салынатын күн электр стансасы болашақта Орталық Азиядағы тағы бір ірі жоба болғалы тұр.

Деректер көзі: egemen.kz

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook