wrapper

Последние

Жыл сайын ел бюджетіне экологиялық төлем ретінде 120-160 млрд теңге түседі.

Алайда келген қаржының өте аз бөлігі қоршаған ортаны жақсартуға жұмсалады. Бұл туралы "Жасыл" экономика және G-Global-ды дамыту коалициясының" ЗТБ басқарма төрағасы Салтанат Рақымбекова "Ағаш отырғыз" акциясы аясында өтіп жатқан эко-сабақтан кейін журналистерге айтты.

Салтанат Рақымбекова "Дара" мектебінде өткен эко-сабақтың балалар үшін маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта олар жас эко-волонтерлар шығатынын айтты.

Бүгiн Қосшы ауылында игi шара өтiп жатыр. Бұл мектеп өткен жылдың қыркүйек айында ашылды. Кәсiпкер, меценат бизнес мектептi өз ақшасына тұрғызды. Мектептiң өзi жаңа новацияларды қабылдауға дайын... Юрий Гашек және басқа да экологтар экология, геология және табиғи ресурстар министрi Мағзұм Мырзағалиевтiң мектептерде эко-сабақтар өткiзу туралы идеясын қолдады. Мiне, сол идеяны iске асыру мақсатында бүгiнгi шара ұйымдастырылды. Қыркүйектен бастап тұқымын баклажкаға егiп, балалардың алдына әкелiп бердi. Бүгiнгi эко-сабақ аясында Юрий Гашек балаларға бұдан әрi ағаштың күтiмi, қоршаған ортаға олардың тигезетiн үлесi жайлы айтып бердi. Оны оқушылар үйiне алып кетiп, жазға дейiн өсiредi. Сөйтіп бұл ауданда балалардың өз қолымен отырғызған ағаштарын көре аламыз. Осы шараның аясында бiз басқа да экологиялық жобалар жайлы талқыладық. Мысалға, қоқысты дұрыс сұрыптау,  қағаз қалдықтарды арнайы жәшiкке салу, электр энергиясын үнемдеу. Сондықтан эко-сабақ деген тек ағаш отырғызу емес. Жоғарыда айтылғандармен қатар суды үнемдеудi қосып өткiм келедi. Бүгiнгi таңда экологияның ахуалы жаһандық проблема болып отырғанын бәрiмiз бiлемiз.  Күзде Юрий Гашектi тағы шақырамыз. Бүгiнгi әзiрлiктi маман өзi жасаған болса, ендi күзде олар Юрий Гашекпен бiрге дайындап, елордалық басқа мектеп оқушыларына үйретедi. Сонда бұл мектептiң 1-11 сынып аралығындағы балалары кiшкентай эковолонтер бола алады, - деді Рақымбекова.

Басқарма төрағасының айтуынша, мұндай шара елорданың тағы екі мектебінде өтеді.

Сонымен қатар, Коалиция БҰҰ Тұрақты даму мақсаттары арқылы ТДМ көшбасшыларын анықтайды. Бұл балалар да болашақта осы көшбасшылардың қатарынан көрiнуiне мүмкiндiк бар. Бастысы – балалар күнделiктi өмiрде экологиялық қарапайым мiндеттердi орындай отырып, экологияны қорғай алатынын түсiнсе деймiз... Өткен жылы үш мектепте ағаш отырғыздық, ертең бүгiнгiден бөлек "Нұр Орда" мектебiнде және №63 мектепте отырғызамыз. Елорданың "Сарыарқа" ауданының әкiмдiгi бiздi қолдады. Яғни, бұл бағыттағы жұмыстарды қолдайтын мектептердiң қатарына көбейiп келедi, - деді ол.

Сондай-ақ Салтанат Рақымбекова жыл сайын экологияны қолдау үшін түсетін қаржының көп бөлігі басқа салаларға жұмсалатынын атап өтті.

Биыл Экологиялық кодекс қайта қаралып жатыр. Қазiр Парламент қарауына кiрдi. Сол жерде өте маңызды новеллалар бар. Экологиялық төлемдердi бiр қорға жинау көзделген. Сарапшылардың айтуынша, жыл сайын экологиялық төлем 120-160 млрд теңгенi құрайды. Бiрақ соның 3-5% экологияға жұмсалады. Қалғаны басқа шараларға кетедi. Бiз – экологтардың көтерiп отырған маңызды мәселесi – сол бөлiнетiн қаржыны ұлғайтып, экологияның жақсаруына ақша бөлу. Үлкен мекемелерге ауыртпашылық түсiрiп отырмыз. Мысалға, бiз оларға экологиялық төлемдердi де төлеу керек және жаңа технологияны қондыру керек деген талап қойдық. Ендi олардың мұны қатар алып жүруге шамасы келмейтiн жағдайлар бар. Сондықтан оларға мемлекет тарапынан субсидиялар, гранттар болу керек. Сонда мекемеге ол тиiмдi әрi қызықты болады. Ол бөлiнген қаржыны жаңа технологияларға жұмсап, өзiнiң қоршаған ортаға келтiрiп отырған залалын төмендетедi. Сол мекеменiң басшылығы, эколог мамандары тек тескерiс кезiнде жақсы жұмыс көрсетiп қоймай, шын көңiлiмен зардап тигiзбейтiндей жағдайға жеткiзу керек. Екiншiден, қоршаған ортаны қорғау әр адамның өзiне байланысты. Кем дегенде үйдегi жейтiн тамақтан аз қалдық шығару, шыққан қалдықты дұрыс сұрыптау, үнемдеудi үйренсе, күнделiктi өмiр сүру мәдениетiн өзгерткенi керек. Сондықтан экологияның жақсаруы тек Үкiметтiң мiндетi емес, әр адамның жауапкершiлiгi, - деді ол.

Деректер көзі: baq.kz

Последнее изменение Среда, 12 Февраль 2020

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook