wrapper

Последние

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ Басқарма Төрағасы Салтанат Рахымбекова Коалицияның 2019 жылғы жұмыс қорытындылары туралы айтып, сонымен бірге 2020 жылға арналған жұмыс жоспарларымен бөлісті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ. Тоқаев «Сындарлы қоғамдық сұхбат - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты халыққа Жолдауында Президент «Естуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға және азаматтық қоғамды нығайтуға, үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жандандыруға шақырды. Бұл Үшінші жаңғыру реформаларының маңызды бөлігі, әсіресе Еріктілер жылында.Коалицияны «жасыл экономика» және тұрақты даму бастамаларының азаматтық көшбасшысы деп атауға болады.

 «Жылдағыдай  Коалиция 20-ға жуық жобаны жүзеге асыруда үш жаңа бағытты біріктірді, ауыл әйелдерінің ауылды жандандыру және ТДМ-2030 іске асыруға азаматтық қоғамды тарту және эко-еріктілермен біріккен жобаны дамыту», - деді С.Рахымбекова.

Сондай-ақ, С.Рахымбекова 8 жобаны таныстырды. Олар:«Coca-Cola Белестері» ауыл әйелдері стартаптарының жетінші конкурсы, Қазақстан ауыл әйелдерінің облыстық және III форумын ұйымдастыру,«Қазақстан ауыл әйелдері жетістіктерінің 100 тарихы-2020» кітабын шығару үшін конкурстық іріктеу, «Ауыл әйелдері арасындағы ТДМ көшбасшылары» конкурсы, «Қазақстан жастары арасындағы ТДМ көшбасшылары» конкурсы, «ТДМ-2030: Тұрақты даму мақсаттарына қол жетізуде Қазақстанның үлесі» БАҚ-тағы үздік жарияланымдар конкурсы, «Жасыл кеңсе» екінші республикалық конкурсы,  «GREEN AWARDS KAZAKHSTAN» экологиялық қызмет және Қазақстанның жасыл экономикасы көшбасшылары туралы кітап шығару конкурсы.

Салтанат Рахымбекова ауылдағы жұмыссыз әйелдерді қолдауға арналған әлеуметтік жобаға тоқталды. 2020 жылы 5 наурызда «Coca-Cola Belesteri» жетінші республикалық ауыл әйелдерінің арасында шағын бизнесті бастау конкурсының іс-шаралары басталады басталатынын айтты.

«Олар «Ауылдағы отбасылық бизнесті дамыту - тұрақты ауыл дамуының негізі» республикалық конференциясынан және «Онлайн фермерлік мектеп» онлайн білім беру платформасын іске қосудан басталады. Ағымдағы жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында Ақмола, Қарағанды және Қостанай облыстарының 35 ауылында көшпелі оқыту семинарлары ұйымдастырылады, онда 1000-нан астам ауыл әйелдері тегін оқытылады. Осы жобаны іске асырудың арқасында ауыл әйелдерінің өзін-өзі жұмыспен қамтудың қол жетімді демонстрациялық үлгілері, кәсіпкерліктің жаңа түрлерінің мысалдары жасалды. Бүгін біз ауыл әйелдерінің арасында Coca-Cola Belesteri республикалық байқауының басталғандығын жариялаймыз, оған сәйкес 10 жеңімпаз өз жобаларын жүзеге асыру үшін 4,000 АҚШ доллары көлемінде грант алады», - деді ол.

«Қазақстанның ауыл әйелдерінің аграрлық Одағы» Заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Лязят Асқарова 2019 жылы Қазақстан ауыл әйелдерінің барлық өңірлерде жалпы ауқымы 2 700 ауыл әйелдерін қамтыған 14 облыстық форумы өткізілгенін айтып өтті.

«Ағымдағы жылы сәуірден қазан айына дейін ауыл әйелдерінің облыстық форумдарын өткізу жоспарланған және 5-6 қарашада Қазақстан ауыл әйелдерінің III форумы қортындыланады. Біз «Қазақстанның ауыл әйелдерінің 100 сәттілік тарихы» атты екінші кітабын шығару үшін ауыл әйелдерінің арасында конкурс жариялаймыз. 2019 жылдың қараша айында Қазақстанның ауыл әйелдерінің II республикалық форумында  «Асқар шыңдарға ту тіккен айелдердің» бірінші кітабының тұсауы кесілді. мұнда ауыл әйелдері облыстық форумының қортындысы бойынша кейіпкерлердің тарихы, үздік тәжірибелер, фермерлік шаруашылықтар мен отбасылық бизнестің, ЖҚШ өкілдерінің, мемлекеттік және әлеуметтік мекемелер басшыларының, жастардың, ҮЕҰ, әлеуметтік кәсіпкерлердің және т.б арасындағы тамаша жетістіктер және жобалар көрсетілді», - деді ол.

 Л.Асқарова айтып өткендей, «Ауыл әйелдерінің арасындағы SDG-2030 көшбасшылары» республикалық байқауының басталғаны туралы жарияланғанын айтты.

 «2011 жылдың 17 қаңтарында біз ТДМ-ді кеңінен насихаттау, сондай-ақ белсенді жастар көшбасшыларын құру мақсатында «Қазақстан жастарының арасындағы ТДМ-2030 көшбасшылары» республикалық байқауын жарияладық. Өтініштер ағымдағы жылдың 17 сәуіріне дейін қабылданады www.expo2017-volunteer.org сайтында. Қатысу үшін сіз сауалнаманы толтыруыңыз керек, әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) жариялап, «Неліктен #YaposolTsUR» тақырыбында @ SDG2030leaderskz аккаунтын таңдай отырып, сіздің қызметіңіздің тұжырымдамасын таңдалған SDG-ге уәкіл ретінде 2020 жылдың 5 маусымынан 2021 жылдың 5 маусымына дейін жіберіңіз. Бағдарлама операторына sdg2030.kz@mail.ru мекен-жайы бойынша жыл (өкілеттік мерзімі)», - деді ол.

Өз кезегінде Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов «ТДМ - 2030: тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге Қазақстанның қосар үлесі» атты 5 номинация бойынша республикалық медиа-байқауға тоқталды.

«Конкурсқа қатысу шарттары www.greenkaz.org сайтында. 2019 жылы Конкурс келесі номинациялар бойынша өтті: 1) баспа басылымдарындағы үздік мақалалар (газеттер, журналдар); 2) «ТВ-дағы үздік сюжет» 3) «ТВ-дағы үздік бағдарлама» 4) Үздік радио-сюжет/ бағдарлама аталымы бойынша 5) «Интернет-БАҚ-тағы үздік мақала номинациясы», - деді ол.

Деректер көзі: strategy2050.kz

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook