wrapper

Последние

Бүгін ZOOM онлайн-алаңында Батыс Қазақстан облысындағы ауыл әйелдерінің форумы өтті. Аталмыш форумды Халықаралық Coca-Cola қорының қолдауымен «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ ұйымдастырды.

Форум барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту мақсатында істеліп жатқан жұмыстар туралы айтылып, елді мекендердегі әйелдер қауымының кәсіп ашуына қолдау көрсету үшін қолға алынған шаралар баяндалды. Жиынға қатысқан кәсіпкерлердің сөзіне сүйенсек, олар тек өз кәсібін ашып қана қоймай, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Осы орайда форумда көтерілген мәселелер мен жетістікке жеткен әйелдердің әңгімесін Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

Алғаш болып Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, мәжіліс депутаты Майра Айсина сөз алды. Ол өз сөзінде ауыл әйелдеріне арналған форумның мақсат-міндетіне тоқталып, соның аясында бірқатар жұмыс атқарылғанын атап өтті.

«Осыдан 8 жыл бұрын Ақмола мен Алматы облыстарында бастау алған ауыл әйелдерінің форумы әйелдердің потенциалын арттырып, ел экономикасына үлесін қосып отыр. Біз қолға алғалы бері қалай кәсіппен айналысуға болады, үй шаруасымен бірге белгілі бір кәсіпті қалай қатар алып жүруге болатынын насихаттай бастадық. 8 жылда үлкен дәрежеге жеттік, бірқатар жұмыс атқарылды», - деді ол.

Оның пайымынша, ауылда қордаланған, жылдар бойы жиналған мәселелер көп. Басында форум ауылдағы проблемаларды шешуге көмектеседі деп ойламағанын жеткізді.

«Бірақ кейін жұмыс істей келе, шетінен ақырын шешуге мүмкіндік беріп отырғанына көзіміз жетті. Біз екінші республикалық форумды өткізгенде БҚО кәсібін бастаған әйелдер астанаға кеп, ауылдағы проблемаларды айтып, шешу жолын ұсынған болатын. Ол форумда тек Қазақстан ғана емес, көрші мемелкеттерден де әйелдер келіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қоса айта кету керек, бізде кәсіп бастап, өздері жетістікке жеткен 30 әйел белсенді түрде праймеризге қатысуда. Біздің әйелдерді қолдап, дауыс беруге шақырамын», - деді мәжіліс депутаты. Сонымен қоса онлайн жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко уыл әйелдерінің форумы елдімекендердегі проблемаларды ашық түрде көрсетіп, шешімін табуда маңызы зор екенін тілге тиек етті.Сонымен қоса ол ел президенттің ауыл шаруашылығын дамытуға, оның ішінде бизнес өкілдері мен үкіметке бірігіп агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жоспарын дайындауға тапсырма бергенін еске салды. Оның сөзінше, бұл ауылдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруына ықпал ететін болады.

«Ауылдағы өмір сапасын арттырады деп ойдаймын. Қазір бағдарламалардың бәрі қолжетімді, қатысып, бизнес идеяны ұсынып, өз кәсібіңді ашуға мүмкіндіктер бар. Жалпы ауылды дамытуда әйелдердің рөлі зор. Бүгінде олар түрлі позицияда қызмет атқаруда. Олардың атқарып жатқан қызметі ескерілу керек», - деді Елена Тарасенко.

Бұдан бөлек жиынға БҚО әкімінің орынбасары Серік Рахметоллаұлы қатысып, әйелдердің бизнес иядесына ұолдау көрсетуге дайын екенін жеткізіп, ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Бүгін де ауыл әйелдерінің өмірін жеңілдету үшін бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Әрдайым форумдарға өңірлерде, аудандардан әйелдер қатысып отырады. Ауылда проблема жоқ емес, бірақ қазіргі таңда әйелдер форумы аясында бірқатар мәселе шешімін табуда. Барлық мүмкіндігімізді пайдаланып, нәзік жандыларды қолдауға дайынбыз. Еліміз үшін әйелдердің маңызы да, рөлі де жоғары. Бүгін де аудан, округ, ауылды басқарып отырған әйел адамдар бар. Тек мемлекеттік қызмет емес, медицина, мәдени саласында да қызмет етіп жүр. Биыл «Еріктілер жылында» да қыздардың, апа-әжелереміздің қатары көп. Біз болашақта да жұмысты жалғастыруға дайынбыз», - деді ол.

Салтанат Рахимбекова атындағы арнайы грант жарияланды

Ал бұдан бөлек Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі Coca-Cola компаниясының Корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері Александра Аккирман ;ергілікті жерлерде экологияны сақтау, қоршаған ортаны қорғауға қатысты Салтанат Рахимбекова атындағы арнайы гранттың енгізілгенін атап өтті.

Сонымен қоса ол қазіргі елдегі пандемияға байланысты шаралардың көбісі онлайн өтіп жатқандығынан, оның есебінен компания біраз қаражатты үнемдегенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, іс-сапарға, яғни шараны офлайн өткізуге кететін қаржы үнемделген. Нәтижесінде Coca-Cola компаниясы биыл жылдағыдай 10 емес, кем дегенде 20 бизнес идеясы бар әйелдерге берілмек. Осы орайда жаңадан кәсіп ашқысы келіп, ісін жетілдіру үшін бизнес идеялары бар нәзік жандыларды байқауға қатысуға шақырды.

Кәсіп ашқан ауыл әйелдерінің сторилары БҚО

Ақжайық ауданы Ақсуат ауылының тұрғыны Ләззат Сейіткереева өз оқиғасымен бөлісті. Осыдан 12 жыл бұрын ерінен, кейін ұлдарынан айырылыған ана тағдырдың берген қиындығына мойымай, қазіргі таңда «Сейіткереева» жеке кәсібінің жетекшісі, Ақжайық ауданындағы іскер әйелдер кеңесінің және Ақсуат ауылындағы аналар кеңесінің төрайымымын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында ауданымызда құрылған ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшесімі болып қызмет істейді.

«Мен кәсіпкерлікке деген алғашқы қадамым өзім туып өскен Ақсуат ауылынан ең алғаш болып дүкен ашқан сәтімнен бастау алады. Бұл жолға мен жалғыз бет алмадым, жанымда сенімді серігім, арқасүйер тірегім, жұбайым болды. Қаладан 200 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл тұрғындарының азық-түлікті алыстан тасып, әуреге түсіп жүргенін көріп, 1996 жылы Ақсуат ауылынан шағын ғимаратты жалға алып, азық-түлік дүкенін аштық», - деп еске алды ол.

Оның сөзінше, бизнесті алғаш бастаған кезде үйдегі бар малды, сонымен қоса ұстаз болып қызмет істейтін жолдасымның жинаған қаражатын салған. Дүкен сөрелерінен жергілікті өнімдердің болғанын қалаған олар бақша салып, кейін шыққан өнімді де дүкенге қойған.

«Кейін кәсібімізді кеңейтуді ойға алып, 1999 жылы ауылдан 3 шақырым жерде орналасқан Орал – Атырау күрежолының бойынан асхана ашамыз деп шештік. Ауылдан алшақ орналасқан жол бойына шағын вагонды сүйреп әкеліп, қолдан асхана құрастырдық. Ол кезде газ, су, электр жарығы деген атымен жоқ. Жарықты мотор-қозғалтқыштың көмегімен реттеп, азық-түлікті арнайы қазылған шұңқыр, ұраларда сақтайтынбыз. Кейін кафенің жаңа ғимараты бой көтерді. Тұтынушыларға табиғи таза өнім ұсынуды басты қағидат етіп таңдаған біз ендігі уақытта бақша салумен қатар шаруа қожалығын ашып, мал ұстадық», - деді ол.

Жеке кәсіптен бөлек, қоғамдық өмірден де тысқары емес екенін тілге тиек етті. Ақжайық ауданындағы іскер әйелдер кеңесінің және Ақсуат ауылындағы аналар кеңесінің төрайымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында ауданда құрылған ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшесі.

Сонымен қоса жиынға БҚО Теректі ауданы «Жаңа мир» ауылының Шаған орта мектебінің мұғалімі Елена Плотникова қатысып, барлық ұстазды мерекесімен құттықтап, өз оқиғасымен бөлісті.

«Мен өзім мұғалімнің отбасында дүниеге келдім. Мен кішкентай кезімнен ұстаз болуы армандадым. Қазіргі таңда 36 жыл туған мектебімде жұмыс істедім, ал соңғы 23 жыл директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып қызмет еттім», - деді ол.

Сонымен қатар ол ұстаздықты таңдағаны үшін еш өкінбейтінін жеткізді.

«Мен ауыл мұғалімі екеніме ешқашан өкінген емеспін! Иә, қиын екенін сөзсіз. Мектеп, балалармен сабақ, үй жұмысы, бақша, егіншілік, түнгі уақытта сабаққа дайындалу, дәптерлерін тексеру - бәрі күш сияқты емес! Сіз сыныпқа кіресіз, сізден жаңа және қызықты нәрсе күткен ұлдар мен қыздардың мейірімді, ашық, шынайы көзқарастарын көріп, жұмыс істеуге күштің қайдан келгенін білмей қаласыз. 

Деректер көзі: strategy2050.kz

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook