wrapper

Последние

Елімізде қазан айынан бастап жас кәсіпкерлер арасында «3. 2. 1. Старт!» жобасының жетінші маусымы басталды.

Бұл бастама аясында қазір өтініштер қабылданып жатыр. Одан соң іріктеу өтеді.

ЗКТ: Байқауға қатысатын жоба авторлары кәсібін Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты дамуға қатысты 5 жаһандық мақсатының біреуіне негіздеуі тиіс.

Олар сапалы білім, таза су және санитария, арзан әрі таза энергия, жауапты тұтыну мен өндіріс, климаттың өзгеруіне қарсы күрес. Яғни экологиялық мәселелерге ерекше екпін қойылады.

Айта кету керек, Кока-Кола Айсчек Қазақстан компаниясы жастарды осы бастама аясында әлеуметтік кәсіпке тартуға күш салып келеді. Жалпы «3. 2. 1. Старт!» жобасы жеті жыл қатарынан ұйымдастырылуда.

Былтыр 4 жеңімпазға 5 миллион теңге грант берілген.

Деректер көзі: Atameken Business News

Медиа

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook