wrapper

Последние

Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі - экономикалық тұрақтылық пен орнықты дамуға бастайтын жол. Дәл осындай тақырыппен Елордада Қазақстан ауыл әйелдерінің IV республикалық форумы өтті. Жиынға отандық кәсіпкер әйелдермен қатар халықаралық белсенді бизнесвумандар да қатысты.

Жиынға қатысқандар әйел кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жасалып жатқан шаралардың жайын талқылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, елімізде 587 мың кәсіпкер әйел бар.  Бұл жалпы кәсіпкерлердің 43 проценті. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік операциялары, бөлшек сауда салаларында нәзік жандылардың үлесі 50 проценттен жоғары.

МАЙРА АЙСИНА, АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІ ФОРУМЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:Ауыл әйелдерінің форумдары - ауыл мен ауылды елдімекендерді тұрақты дамыту, ауыл тұрғындарының өнімді жұмыспен қамтылуын арттыру, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және ауыл шаруашылығын қолдау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мәселелерін талқылау және шешуге арналған алаң. Бүгінге дейін ауылды жерде тұратын нәзік жандылар өздері кәсіп ашып, адамдарды жұмыспен қамтып отырғаны жасырын емес. Бизнес саласындағы әйелдер санының артуы – бізді қуантады.

Ақмола облысының нәзік жандылары да әйелдер форумына белсене қатысты. Соның бірі - Біржан сал ауданы, Бұланды ауылының тұрғыны Анар Сатыбалдинова. Бұл шараға екінші жыл қатарынан қатысып жатқан көпбалалы ана қазақтың «жетімін жылатпайды, жесірін қаңғыртпайды» деген аталы сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған. 

АНАР САТЫБАЛДИНОВА, БІРЖАН САЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Себебі өзімізде шаруашылық болды. Ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Барлығы өзіміздің адал еңбекпен келген.Отағасы екеуміз қазір зейтенкерміз. Щучинск Балалар үйінен бала асырап алуды рәсімдеу қиынға соқпады. Себебі барлығы біздің жағдайымызды білді. Қазір 8 баланы тәрбиелеп жатқаныма 10 жыл болды. Оның үшеуін тұрмысқа беріп те үлгердік. Қалған төртеуі білім алып жатыр.

Ауыл әйелдерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыру, елдімекендердегі инфрақұрылымды дамыту секілді тың тақырыптар қозғалып, халықаралық дәржедегі мамандардың пікірі тыңдалды. Шара соңында «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері», «100 историй успеха» кітабының үшінші шығарылымының тұсауы кесілді.

Деректер көзі: kokshetautv.kz

Последнее изменение Среда, 10 Ноябрь 2021

Медиа

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook