wrapper

Последние

Модератор әр Ауыл әйелдері форумы ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина алғаш болып сөз алып, қатысушыларды форумның басталуымен құттықтады.

Ол өз сөзінде төртінші рет өткізілгелі отырған форумның ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартып, әл-ауқатын дамытуға маңызы зор екенін атап өтті.

«Ауыл әйелдерінің форумдары - ауыл мен ауылды елдімекендерді тұрақты дамыту, ауыл тұрғындарының өнімді жұмыспен қамтылуын арттыру, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және ауыл шаруашылығын қолдау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету мәселелерін талқылау және шешуге арналған алаң. Бүгінге дейін ауылды жерде тұратын нәзік жандылар өздері кәсіп ашып, адамдарды жұмыспен қамтып отырғаны жасырын емес. Бизнес саласындағы әйелдер санының артуы – бізді қуантады», - деп атап өтті ол.

Микрокәсіпкерліктің 70%-ын нәзік жандылар басқарады

Сонымен бірге, мәжіліс депутаты, Әйелдер ісі бойынша және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия басшысы Ләззат Рамазанова елімізде микрокәсіпкерліктің 70%-ын нәзік жандылар басқаратынын атап өтті.

«Біз әрдайым шағын техниканы, технологияны жетілдірудің маңызы туралы айтамыз. Бүгінде оның тиімді екенін де көріп отырмыз. Қазақстандағы микробизнестің 70%-ын әйел адамдар басқарады. Сондықтан, қазір жаңа технологияны жетілдіру құралдары оларға көбірек керек. Микро қаржыландырудың басым бөлігін де әйелдер алып отыр» , - деді депутат.

Біз үнемі шағын технологияларды дамытудың маңыздылығын айтамыз. Бүгінде статистика істің тиімділігін көрсетеді. Қазақстандағы микробизнестің 70 пайызын әйелдер басқарады. Оларға қазір жаңа технологияларды кеңейтудің құралдары аса қажет. Микро қаржыландырудың басым бөлігін де әйелдер алып отыр,-деді Рамазанова.

Сонымен бірге, ол әйелдер кәсіпкерлігін қолдайтын бағдарламаларға тоқталып өтті. Мәселен, ЕҚДБ «Даму» қоры мен  екінші дәрежелі банктер арқылы қаржыландыру тиімді екенін көрсетті. Несиелерді қайтару бойынша әйелдердің үлесі 97%-ын құрайды. Сондықтан, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлерін ілгерілендіруді кеңейтудің жаңа тетіктерін ойластыру керек», - деді депутат.

Бұдан бөлек, аталған форумға бейнебайланыс арқылы шыққан Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов жалпы 20 жылға жуық уақыттан бері кәсіппен айналысатын әйелдерге  қаржылай да, білім беру жағынан да көмек көрсетілгенін тілге тиек етті. Оның сөзінше, 2002 жылдан бері 10 мыңнан аса әйел білім алып, жеңілдікпен нисе алған. Олардың барлығы дерлік кәсібін ашып, ісін дөңгелетіп отыр.

«Әйелдер арасындағы бизнестің дамып жатқанын шағын және орта бизнесте олардың үлесін басым екенінен байқалып отыр.  Мәселен, 2010 жылы 73 мың әйел кәсіпкер болған, бұл республикадағы кәсіпкерлердің жалпы 26%-ы», - деді вице-министр.

Қазақстанда 600 мыңға жуық әйел кәсіпкер бар

Сонымен қоса, министрліктің мәліметінше, биылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша, елімізде 587 мың әйел кәсіпкер бар, бұл кәсіпкерлердің – 43%-ы. Көтерме бөлшек сауда, жылжымайтын мүлік операциялары, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы әйелдердің үлесі 50%-дан да жоғары.

Вице-министрдің дерегінше, 2017 жылдан «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдағы кәсіпкер әйелдерге 17 мыңнан аса несие берілген.

«Ал, 2001 жылғы 1 қазандағы мәліметке сәйкес, "Бизнестік жол картасы" бағдарламасы шеңберінде 37 мыңнан аса шағы кәсіпкерлік субъектісіне субсидия берілген, оның шамамен 5 мың жобасын ауылдағы кәсіпкер әйелдер жүзеге асырып жатыр, бұл аталған бағыт бойынша қаржылық қолдау алғандардың 13%-ы екенін атап өткен жөн», - деді вице-министр.

Жиын барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің құттықтау сөзін «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясының өкілі оқып берді. Министр онда Қазақстандағы ауыл шаруашылығы секторы экономиканың басым секторларының бірі екенін, өйткені ол Қазақстан Республикасы халқының жартысына жуығы үшін негізгі табыс көзі болып отырғаны жөнінде айтқан. Сонымен бірге, ол аталған министрлік халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және табысын арттыру мақсатында әйелдердің ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысуын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Ауыл әйелдері қазіргі қазақстандық қоғамдағы орасан зор және ықпалды күш болып отырғаны даусыз. Бүгінде ауылды жерде 2 миллионнан астам әйел жұмыс істейді. Әрбір бесінші шаруа және фермер қожалығын әйелдер басқарады», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның сөзінше, ауыл әйелдеріне мемлекеттік қолдау көрсету олардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға, тұрғылықты жеріндегі инфрақұрылымды дамытуға, ауылдастарына қызмет көрсетуге ықпал еткен.

Айта өтейік, жуырда мемлекет басшысының тапсырмасымен Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы әзірленіп, мақұлданды. Бұл жоба, министрдің айтуынша, еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыруға, ішкі нарықты отандық өндірістің негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын, негізінен өңделген өнімдерді 2 есеге арттыруға, сонымен бірге ауыл тұрғындарының табысын тұрақты түрде көбейтуге бағытталған. Ол үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, жер қатынастарын жақсарту, аграрлық ғылым мен кадрларды даярлауды дамыту, саланы цифрландыру, ветеринариялық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттық әлеуетті іске асыру бойынша шаралар әзірленген.

100 мыңға жуық жұмыс орны құрылады

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жаңа инвестициялық жобалар пысықталуда. Бұл жобалар бірігіп, алдағы бес жылда 100 мыңға жуық жұмыс орнын ашып, оның 80 пайыздан астамын ауыл әйелдеріне тиісті болмақ.

«Жалпы, Ұлттық жобаны жүзеге асыру бес жылда 500 мың адамды қосымша жұмыспен қамтуға, 70 мың отбасылық шаруа қожалықтарын құруға және кем дегенде 1 миллион ауыл тұрғынының кірісін арттыруға мүмкіндік береді», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» Заң жобасын әзірленіп жатқанын атап өтті министр. Бұл ауылдағы шағын шаруашылық түрлерін қолдауға, олардың кооперациясына, ауылдық елді-мекендердің санитарлық гигиенасын және олардың айналасындағы жайылымдардың экологиясын қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен бірге, министр еліміздегі әйел адамдардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іс-шаралар әлі алда екенін атап өтті.

«Ауыл әйелдеріне оқыту курстарын өткізу, гранттар беру және халықты өз ісін ашуға қолжетімді мүмкіндіктер туралы ақпараттандыру арқылы қолдау көрсетуде үлкен жұмыстар атқарып жатқан «Жасыл экономика және G-Global» даму коалициясының қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі сіздердің игі бастамаларыңызға, соның ішінде «Ауыл өнімі» сияқты маңызды жобаға жан-жақты қолдау көрсетеді», - деді ведомство басшысы.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бағдарлама ашылған 2002 жылдан бері 35 мыңнан астам әйел оқытылған. Конкурсқа қатысуға мыңдаған адам өтініш беріп, 80-нен астам әйел алғашқы бизнесін ашуға грант алған.

«Coca-Cola Белестері»: Қандай жобаларға грант берілді

Биылғы «Coca-Cola Белестері» жобасы аясында үздік бизнес-идея үшін 16 жеңімпазға 4 мың, 3 мың және 2 мың доллар көлемінде грант берілді.

Салтанат Рахымбекова атындағы грантты Қостанай облысының тумасы Наталья Мушинская есімді азамат жеңіп алды. Грант көлемі 3 мың АҚШ доллары.  Ол ауылда құс етін өндіру мен қайта өңдеуді эко-жолмен жүзеге асырып отыр.

«Бүгінде біздің кәсіпорында 130 бройлерлік құс және 100 қаз бар. Биыл өз кәсіпкерлігімді кеңейтуді ойлап жүр едім. Осы гранттың бар екенін жаз айында білдім. Шара ұйымдастырушыларына алғыс айтқым келеді, - деді Наталья Мишунская.

Ол өз сөзінде гранттың қаржысына қандай технологиялық құралдар сатып алатынын атап өтті.

«Мен бұл қаражатқа күн панельдерін сатып алмақпын. Бұл энергиятиімділікті арттырып, атмосфераға шығатын қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, құс өндіру тиімді әрі экологиялық таза түрде жүзеге асырылатын болады, - деді жеңімпаз.

Сонымен бірге, «Құрақ көрпе» ұлттық тоқыма бұйымдарын тігу курстары, балаларға арналған аспаздық және тұрмыстық курстар, жеміс-жидек шоколады өндірісі, ұлттық жартылай өнімдерді өндіру, дастархан жаюға арналған тоқыма бұйымдарын өндіру, балалар мен жасөспірімдерге арналған робототехника және құрылыс курстары, ұлттық нақыштағы көрпелер мен жастықтар шығару секілді жобалар грант жеңіп алды.

Айта кетейік, аталған форум «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Coca-Cola халықаралық қоры және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылды. 

Деректер көзі: strategy2050.kz

Последнее изменение Среда, 10 Ноябрь 2021

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook