wrapper

Последние

Бүгінде жаһан халқының 70% қалада тұрады.
Әлемде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті бола түсуде. Бұл туралы Экономикалық зерттеу институтының басқарма директоры Бауыржан Мұқан айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, БҰҰ-ның 17 тұрақты мақсаты бар. 

"Бүгін қазақстандық сарапшылар азық-түлікпен қамтамасыз етуді қамтитын 2 мақсатты талқылайды. Азық-түлік қауіпсіздігі шеңберінде мемлекет АӨК бойынша 9 бағдарлама жүзеге асырды. Азық-түлікті қамтамасыз етуге байланысты түрлі форматта өзгерістер енгізілді. Енді оны тұрақты даму мақсаттарына орай бейімдеу қажет", - деді басқарма директоры елордада өткен азық-түлік қауіпсіздігі тақырыбында өткен семинарда. 

Бауыржан Мұқан әлемде халықтың саны өсіп жатқанын атап өтті. 

"Қалаларға шоғырлану мәселесі де бар. Қазір жаһандағы халықтың 70 пайызы қалада тұрады. Онда халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі туындап отыр. Кейбір дамымаған елдерде кедейшілік, аштық көрсеткіштері артқан. Осыған байланысты азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі өзекті", - деп түйіндеді сөзін Бауыржан Мұқан. 

Деректер көзі: inbusiness.kz

О Коалиции

ОЮЛ Коалиция за «зеленую» экономику и развитие G-Global» сегодня является признанным в стране общественным и экспертным институтом по «зеленой экономике», а также входит в Совет по «зелёной экономике» при Президенте Республики Казахстан

Facebook