Қостанайда ауылдың іскер әйелдері бас қосты
- admin
- 5 августа, 2024
- Новости коалиции, ФСЖ
Биыл елдегі шағын және орта бизнестегі әйелдердің үлесі 50% асты, деп хабарлайды 24KZ. Ауылды жерлерде жеке кәсібін дөңгелетіп отырған қыз-келіншектердің де саны артып келеді. Соңғы 10 жылдың ішінде миллионнан астам әйел мемлекеттік грант алған.
Осы жұмысты әлі де жетілдіру үшін не істеу керек? Өз ісін ашқысы келетін ауыл тұрғындарына қандай көмек-қолдау бар?
Қостанайда өткен аймақтық ауыл әйелдерінің форуымында осындай мәселелер талқыланды. Оған Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты. Жиында сөз сөйлегендер кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Майра Айсина, республикалық Ауыл әйелдері форумын ұйымдастырушы комитетінің төрағасы:
— Әйелдерге мемлекеттен грант бергенде 500 мың, 1 млн беріп жатыр. Ол енді аз болса, сендер қосылыңдар, кооперация туралы бізде заң бар, ол қабылданды, сол заңның аясында бірге қосылып, логистикасы бар, біреу шығарып жатса, біреу оны сатып жатса, сіздердің өзі табыстарыңызда көбейеді дегендей, біздің енді қазіргі алып отырған міндетіміз – сол.
Осындай іскер әйелдің бірі – Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданынан келген Базаркүл Нұржанова. Ол 20 жылдан артық тігіншілікпен айналысады. Былтыр Гиннестің рекордтар кітабына енген 500 метрлік құрақ көрпені тіккендердің бірі. Қазір өзінің тігін цехы, оқу орталығы бар. 120-ға жуық шәкірт тәбиелеп шығарған. Қазір соның 30-ы жеке кәсібін ашып отыр.
Базаркүл Нұржанова, кәсіпкер: — Негізінде мен тракторшы болғанмын, ауылда аспаз болғанмын, сиыр сауғанмын. Мынау мемлекеттік бағдарламамен грантқа қатысып жатырмыз. Әй
елдерге деген қазір миллион жарым грант бар. Барлық мүмкіндік бар деп ойлаймын. Ұмтылған адамдарды Үкімет қолдайды. Өзім қолдауын көріп жатырмын.
Деректер көзі: 24.kz