Belesteri әлеуметтік жобасы жаңа маусымын бастайды – тағы 30 грант жаңадан кәсіп бастағандарды күтеді

Астана, 12 маусым 2024 жыл. – «Belesteri» («Өсу баспалдақтары») әлеуметтік жобасының ұйымдастырушылары жаңадан кәсіп бастағандарға білім беретін кезекті маусымы мен жыл сайынғы гранттар байқауының басталғаны туралы хабарлайды.

Барлық тілек білдірушілер үшін іскерлік негіздеріне оқыту, оның ішінде «жасыл» технологияларды қолдана отырып, ауылдық жерлерде биснес жүргізуге арналған тегін қолжетімді білім https://ccb.kz и https://farmerschool.kz веб-сайттарында ашық.  Бағдарлама Қазақстанда 12 жыл қатарынан жұмыс істеп келеді.

Білім алғаны туралы сертификат  алғаннан кейін 2 мыңнан бастап 4 мың долларға (теңге түрінде) дейін қайтарымсыз грант берілетін конкурсқа қатыса аласыз. Ол үшін байқауға егжей-тегжейлі бизнес-жоспар ұсыну қажет. Өтініш беру ережелері https://ccb.kz сайтында көрсетілген. Биыл бағдарлама аясы кеңейтілгендіктен, гранттар байқауына әйелдер ғана емес, жастар да қатыса алады.

«Ауылды қолдаудың мемлекеттік шаралары туралы қажетті ақпарат алу және оны өңірлердегі аудиториямызға жеткізу, қоғамдық ұйымдар мен бизнеспен ынтымақтастыққа арқа сүйе отырып бірлескен бағдарламаларды жоспарлау үшін серіктестіктің барлық тараптары үйлесімді әрекет етуі қажет», — деді Қазақстанның Ауыл әйелдері форумы ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина.

«Биыл біз инновациялық білім беру платформамыз – ccb.kz веб-сайтына оқу бағдарламаларының жаңа бағыттары мен жаңартылған оқу модульдерін қостық, бұл сабақтардың практикалық мәнін барынша арттыру үшін қолданбалы сипатын күшейттік. Сондай-ақ биыл алғаш рет тек әйелдерге ғана емес, 18-30 жас аралығындағы жастарға да гранттар байқауын бастаймыз», дейді «Belesteri» жобасын «Жасыл экономика және G-Global дамуы үшін коалициясы» ЗТБ-мен бірге жүзеге асырып жатқан «Әлеуметтік динамика» Қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.

Жобаның жаңа маусымы дәстүр бойынша Астанада бағдарлама ұйымдастырушылары мен серіктестерінің, Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясының, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экономикалық даму және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері, «Атамекен» ҰКП мен тағы да басқалары қатысқан конференциядан бастау алды. Мәжілісте  ауылдық елді мекендерді жұмыспен қамтумен қоса, кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетудің өзекті мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ биыл Belesteri жобасының аясында «Қазақстан ауылдық әйелдерінің форумы» өз жұмысын жалғастырады: өңірлерде төрт форум, ал күзде Астанада гранттық байқаудың жеңімпаздары марапатталатын қорытынды Республикалық форумы өтеді.

«Belesteri жобасы Қазақстандағы әйелдерге өздерінің жаны қалайтын кәсіппен айналысып, отбасылық табыстарын арттыру мүмкіндігін ұсынады. Осы 11 жылдың ішінде 100 мыңға жуық әйелдерді оқытсақ, олардың жартысынан астамы – осы соңғы 4 жылда танымал болған онлайн-оқытуға қатысты. 2020-23  жылдардағы түлектер Қазақстанда 10 мыңнан астам жұмыс орнын құрды. Бүкіл елдегі жүздеген қыз-келіншектер жаңа оқу жылының басталуы мен гранттар байқауын тағатсыздана күтіп жүр. Бұл – біз үшін ең үлкен мойындау», дейді жоба үйлестірушісі Александра Аккирман.

Өткен жылы жоба үйлестірушілері әлеуметтік жобалары үшін беделді мемлекеттік «Парыз» сыйлығына ие болса, Belesteri Қазақстандағы Америка Сауда Палатасы жыл сайын өткізетін байқауда «Қоғамға қызмет ету – ірі компаниялардың жобалары» номинациясы бойынша үздік жоба ретінде танылды.

Деректер көзі: zanmedia.kz