Бизнестегі әйелдер: Қазақстан ауылдарында 300 мың кәсіпкер әйел бар

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев ауылдағы кәсіпкер әйелдер туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

“Қазақстан кәсіпкерлерінің 43 пайызын әйелдер құрайды. Оның ішінде 300 мыңға жуығын ауылағы кәсіпкер әйелдер құрап отыр. 2019 жылдан бастап әйелдерге 86 мың грант пен шағын несие берілді. Елімізде 4,5 млн әйел жұмыс күшінің жартысын құрап отыр. Оның 1,7 млн-ы ауылда еңбек етеді”,-деді Ордабаев.

Вице-министр атағандай, жыл басынан бері 425 мың адам жұмысқа тұрса, оның 220 мыңы әйелдер.

“Кәсіби оқыту бойынша да әйелдердің белсенділігі жоғары. Әсіресе оқыту, білім алу бойынша әйелдер алдына жан салмайды. Әйелдер кәсіпкерлігі тұрақты болады”,- деді Олжас Ордабаев.

Айта кетейік, Астанада Ауыл әйелдерінің V мерейтойлық форумы өтуде. Оған өңірлерден келген 300-ге жуық ауыл әйелі қатысып жатыр.

Источник: azattyq-ruhy.kz

Leave A Comment