«Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылды тұрақты дамыту»

2023 жылдың 1 наурызында сағат 10:00-да «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ауылды тұрақты дамыту» республикалық конференциясы өтеді, онда ауылды дамыту және ауыл әйелдерін қолдауға арналған іс-шаралар циклі басталады.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» (бұдан әрі – Коалиция) және «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры.

Спикерлер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, даму институттарының, «Атамекен» ҰКП-ның, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, кәсіпкерлікті қолдау саласындағы сарапшылар, сондай-ақ бизнесті жаңа бастаған әйелдер арасында жыл сайынғы үздік бизнес-идея байқауының жеңімпаздары. Конференцияның модераторы – Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина. Конференцияға онлайн қатысушылар төмендегі сілтеме бойынша қатыса алады https://us02web.zoom.us/j/86969656956…

Идентификатор конференции: 869 6965 6956

Код доступа: 462848

Leave A Comment