Тұрақты даму мақсаттары бойынша іс-шаралар өткізілді

2022 жылғы 7 қазан күні «Жасыл» экономиканы қолдау және және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ (Коалиция) «Қазақстанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасын іске асыру шеңберінде онлайн форматта тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыру бойынша семинар және ақпараттық сессия өткізді.

Іс-шаралардың басты миссиясы азаматтық қоғам өкілдері арасында ТДМ-ды танымал ету, сондай-ақ әлеуметтік ТДМ-ға қол жеткізу үшін азаматтық бастамаларды ынталандыру болды.

Ақпараттық сессияның спикері Коалиция өкілі Алишер Акказенов өз сөзінде ТДМ саласында іске асырылып жатқан жобалар туралы, оның ішінде мемлекеттік грант шеңберінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жоба туралы айтып берді. Сонымен қатар, сөз сөйлеуші ТДМ туралы қатысушыларға толық ақпарат бере отырып, Қазақстанда ТДМ іске асыруға азаматтық қоғамды тарту жөніндегі Коалицияның кейсімен бөлісті.

Ақпараттық сессия аяқталғаннан кейін БҰҰ Мемлекеттік басқару жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, тренер Айгүл Көшербаева ТДМ локализациялау құралдары бойынша кәсіби құзыреттерді дамыту және түсіну бойынша семинар өткізді.

Семинар қабылданатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін, Мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігін арттыру және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі аудиториядан кері байланыс алу үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының рәсімдерін, нысандары мен арналарын жетілдіру жөніндегі шараларды талқылауға мүмкіндік берді.

Қазақстан өңірлеріне арналған ТДМ бойынша семинарлар мен ақпараттық сессиялар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен мемлекеттік грант шеңберінде іске асырылатын «Қазақстанда БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасы шеңберінде өткізілуде.

Leave A Comment